Қазақша  Русский 
Авторизациялану
Бастапқы бет

Хабарландыру!!!

 

Халықаралық олимпиаданың өткізілу тәртібі: Халықаралық олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңі – қашықтан білім беру технологиялары арқылы olymp.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен  2021 жылдың 10 – 15 мамыр аралығында өтеді.

Екінші кезеңі –онлайн форматта 2021 жылдың 18-19 мамыр аралығында өткізіледі.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Сіздердің олимпиаданың 2-ші ақтық кезеңінде орындаған жұмыстарыңызды әрбір пән бойынша әділ қазылар алқасы тексеріп орындалған жұмыстың қорытынды бағасы бойынша «Абай сыйы-2021» олимпиадасының жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздар тізімі сайтқа ілінеді.

 «Абай сыйы-2021» олимпиадасының жүлделі орын алған жүлдегерлері Университет ректоры атынан арнайы дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың жүлдегерлері «Абай сыйы-2021» олимпиадасына қатысқан пәні бойынша Абай университетіне 2021/2022 оқу жылында таңдау пәні сәйкес келетін білім беру бағдарламасына ақылы негізде оқуға түскен жағдайда бір оқу жылына:

 

1 – орын иегері 100% жеңілдікпен оқуға қабылданады;

2 – орын иегері 50% жеңілдікпен оқуға қабылданады;

3 – орын иегері 30% жеңілдікпен оқуға қабылданады;

 

Жүлделі орынға ілінбеген, бірақ олимпиаданың 2-ші ақтық кезеңіне өткен оқушылар «Абай сыйы-2021» олимпиадасына қатысқан пәні бойынша Абай университетіне 2021/2022 оқу жылында таңдау пәні сәйкес келетін білім беру бағдарламасына ақылы негізде оқуға түскен жағдайда бір оқу жылына 10% жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беретін арнайы сертификатпен марапатталады.

 

 

«Абай сыйы» олимпиадасының порталына 

Қош келдіңіз!

«Абай сыйы» олимпиадасы биыл үшінші рет өткелі отыр. Ол мектеп оқушыларының іргелі пәндерді терең оқып-үйренуге деген ынтасын арттыруды, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашуды, сондай-ақ, жас таланттарды іздеп табуды мақсат етеді.

Сонымен бірге олимпиаданы өткізу әрбір оқу жылының барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың біртұтас бағдарламасының маңызды саласы болып табылады. Балалардың бойындағы жоғары қабілет нышандарын анықтау бағытында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әртүрлі пәндік олимпиадаларды, қабылдау сынақтарының тапсырмалары бойынша байқауларды қамтыған жан-жақты шаралар тізбегі қалыптасқан, мектеп оқушыларына арналған лекциялар мен семинарлар, кешкі мектеп дәрістері, ғылыми-педагогикалық конкурстар жүйелі түрде ұйымдастырылады, тұрақты түрдегі онлайн-дәрістер сипатындағы интернеттік бейне конференциялар негізінде республикамыздың шағын жинақты мектептерімен тығыз байланыстар жүзеге асырылады.

Мұндай тұтас шаралар жүйесінің мақсаты: Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алуға қабілетті талапкерлерді анықтау. Олимпиада өткізу ісі ҚР Білім және ғылым министрлігі, білім департаменттерінің басшылары, мектептер мен лицейлердің, гимназиялардың  директорлары тарапынан қызу қолдау табады деп үміттенеміз.

Олимпиада 11 сынып оқушыларының арасында өткізілетінін естеріңізге саламыз.

«Абай сыйы» олимпиадасының шарттарымен танысамын немесе қатысамын деушілер алдымен сайтта тіркелуі қажет.

Егер Сіздің бұрыннан аккаунтыңыз бар болса, жүйеге авторизация арқылы қосылыңыз.

 

 

.