Қазақша  Русский 
Авторизациялану
Бастапқы бет
Басты / Өткізу нұсқаулығы - I-кезеңі /

Нұсқаулық

«Абай Сыйы-2019» Республикалық пәндік Олимпиадасының I - кезеңін өткізуге нұсқаулық

«Абай Сыйы-2019» Республикалық пәндік олимпиадасына on-line жүйесінде тіркелу 04.02-05.03.2019 жылы Астана уақыты бойынша түнгі 00 сағатқа дейін жүргізіледі;

«Абай Сыйы-2019» Республикалық пәндік олимпиадасының I – іріктеу кезеңі тест түрінде 2019 жылы 25.02 – 07.03 аралығында on-line жүйесінде өткізіледі;

Еске саламыз, on-line жүйесінде тест тапсыруға 2 мүмкіндік берілген:

  • 1 – мүмкіндік байқау немесе дайындық тестілеуден өту, 1 – мүмкіндікте жинақтаған балл тестілеу нәтижесі ретінде есептелмейді;
  • 2 – мүмкіндік, бұл соңғы қорытынды нәтиже. Олимпиаданың 1- кезеңінің нәтижесі ретінде 2 - мүмкіндікте жинаған балыңыз есептеледі;

Тест тапсырмаларының саны – 20;

Тест тапсыруға бөлінген уақыт 40 минут;

Ұсынылған бес жауаптың бірін таңдау арқылы, әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап ретінде 1 балл беріледі;

Тест тапсыру нәтижесі бойынша 10 балдан (50%) кем емес балл жинаған үміткерлерге, «Абай Сыйы-2019» Республикалық пәндік олимпиадасының  ІІ –  кезеңіне жолдама беріледі.

«Абай Сыйы-2019» Республикалық пәндік олимпиадасының II - кезеңі жазбаша түрде 2019 жылы 18 – 19 наурызда  «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында  өткізіледі.