Қазақша  Русский 
Авторизациялану
Бастапқы бет
Басты / Хабарландырулар /

Хабарландыру

 

Хабарландыру!!!

«Абай сыйы – 2021» пәнаралық олимпиадасының

2-ші кезеңіне өткен оқушылар назарына


«Абай сыйы-2021» Халықаралық пәнаралық олимпиадасына 12 пән бойынша барлығы 2021 жылы 9 мамырға  дейін on-line форматында 1219 оқушы тіркелді.

Олимпиаданың 1-ші іріктеу кезеңі 2021 жылы 10-15 мамыр аралығында on-line форматында жүргізілді. Олимпиаданың 1-ші турында оқушылар on-line жүйесінде тест тапсырды. Тестілеуде әр пәннен 30 сұрақ берілген, одан 50% (15 балл немесе одан артық балл) жинаған оқушылар олимпиаданың 2-ші кезеңіне қатыса алады.

Олимпиаданың 1-ші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 193 оқушы олимпиаданың 2-ші ақтық кезеңіне  өтіп отыр. Олимпиаданың 2-ші кезеңіне өткен оқушылар тізімі қосымша беріліп отыр.

         «Абай сыйы-2021» олимпиадасының 2-ші кезеңі 2021 жылы 18-19 мамырда on-line форматында өткізіледі. Таңдалған пән бойынша тапсырмалар әр оқушыға электронды жәшігіне 18 мамыр күні жіберледі, тапсырманы орындауға әр пән бойынша шектеулі уақыт беріледі. Аталған уақыттан кешіккен жұмыстар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.

2021 жылы 25 мамырда «Абай сыйы-2021» Халықаралық пәнаралық олимпиадасының қорытындысы Абай университетінің www.kaznpu.kz сайтында жарияланады.


Ақпараттық хат

«Абай сыйы» республикалық олимпиадасының Ережесі