Нұсқаулық

 

«Абай сыйы олимпиадасы» сайты төмендегі адрес бойынша орналасқан:

http://abaisiy.kaznpu.kz/ (1 сурет)

 

 

1 суретБастапқы бет

Оң жақ бұрышындағы тілдерді таңдауға арналған қосымшаны (орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі) басу арқылы өзіңізге ыңғайлы тілді таңдай аласыз. Одан әрі сынақтан өту үшін өзінің тіркеулік жазбасымен кіру қажет. Жоғарғы оң жақ бұрышында «Кіру» батырмасын басыңыз.

Авторизация терезесі ашылады (2 сурет).

 

 

2 сурет Авторизация терезесі

 

Терезенің сол жақ бөлігінде өзіңіздің логин және пароліңізді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз (3 сурет)

 

3 суретавторизация терезесін толтыру үлгісі

Тіркелгеннен кейін сіз басты бетке кіресіз, онда «Менің курстарым» терезесінде сізге қол жетімді пәндер пайда болады (мысалы, Математика қазақ тілінде), бұдан әрі таңдалған пәнге басыңыз (сурет 4)

 

 

4 суретпәнді таңдау терезесі

Ашылған келесі терезеде таңдалынған пән бойынша материалдар, яғни «Тесттер» ұсынылады. Пәннің атауына басыңыз (5 сурет).

 

5 суретТестілеу тапсырмаларын таңдау

Тестілеуді бастау терезесі ашылады. Онда мүмкіндіктер саны, уақытыд және сыналушыны бағалау әдісі сипатталады. Тестілеу ережесімен танысып болған соң, «Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз (6 сурет).

 

6 суретСынақты бастау терезесі

Уақыт бойынша ережесі сипатталған сынақты бастауды бекітетін қалқымалы терезе пайда болады. Егер сынақты бастауға дайын болсаңыз, «Мүмкіндікті бастау» батырмасын басыңыз (7 сурет).

 

7 сурет бекіту терезесі

Сынақ 20 сұрақтан тұрады. Сынақ терезесі 3 блокқа бөлінген:

       Бірінші блок (сол жақта) сынақтағы сұрақтың нөмірін, жауаптың деңгейін, берілген сұрақтың балын және сұрақ белгілерінің функцияларын құрайды;

       Екінші блок (ортада) сұрақтың мәтіні мен жауап нұсқаларын құрайды;

       Үшінші блок (оң жақта) тест бойынша навигация терезесін,  тестілеуді аяқтау батырмасын және қалған уақытты құрайды (8 сурет)

 

8 суреттестілеу терезесі

Барлық сұрақтарға жауап берген соң, «Мүмкіндікті аяқтау»  батырмасын басыңыз. Бұдан әрі сақталынған жауаптары мен қалған уақыты бар терезе пайда болады.

Егер сіз өз жауабыңызды өзгерткіңіз келсе, «Мүкіндікке оралу» батырмасын басыңыз. егер өзгерткіңіз келмесе, «Жіберу және тестілеуді аяқтау» батырмасын басыңыз (Сур. 9).

 

 

9 сурет Тестілеуді аяқтау терезесі

Пайда болған бекіту терезесінде «Жіберу және тестілеуді аяқтау» батырмасын басыңыз (10 сурет).

 

 

10 суретБекіту терезесі

 

Кейін тестілеу нәтижелері бар терезе ашылады, онда сіз өзіңіздің  берген жауаптарыңызды дұрыс жауаптармен салыстыра аласыз. (11 сурет).

 

11 сурет Тестілеуді көру терезесі

Тестілеу нәтижелерін көріп болған соң «Аяқтау» батырмасын басыңыз. Бұдан әрі сіздің нәтижеңіз бейнеленетін тестілеуді бастау терезесіне қайта ораласыз.

Өйткені, бірінші әрекет сынамалы болғандықтан, «Тестілеуді қайта бастау» батырмасын басып, сынақтан өте аласыз (12 сурет).

 

 

12 суретТестілеу нәтижелері

Тестілеуді қайта өтіп, сіз қорытынды болып табылатын екінші нәтиже аласыз (13 сурет).

13 суретҚорытынды нәтиже